2024 жылдың ақпан айының 15 жұлдызында мектеп оқушыларына «Есірткіге — жол жоқ» тақырыбында облыстық наркологиялық диспансер дәрігер, психотерапевті Бабенко Мирослава Владимировнамен кездесу өтті. Дәріс уақытында «Есірткіге — жол жоқ» тақырыбында баяндама оқылып, оқушыларға бейнеролик көрсетілді. Баяндамада есірткі заттарды көп қолданатындардың басым көпшілігіне мектеп жасындағы жасөспірімдер мен студенттер қауымы жатады. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам өзінің денсаулығын, өмірін құртып қана қоймай жақындарының, қоршаған адамдарының өміріне де қауіп төндіреді.
Кездесудің басты мақсаты оқушылардың есірткіге көз қарасын өзгерту, жасөспірімдерді есірткі қабылдауға, еліктіруге тежеу, білім беру мекемелерінің кызметкерлерімен бірлесіп есірткіге қарсы ұсынымдар мен алдын алу жұмыстарын өткізу болып табылады.
«Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты барлығымыз отбасынын бастауымыз қажет. Баланы еңбекке, жауапкершілікке, білімге баулып, дұрыс үлгі көрсету арқылы ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
#Біртұтас_тәрбие