2 9 ақпан күні «Діни экстремизм мен терроризм әлемге төнген қауіп» тақырыбында «Қарағанды облысы дін істері басқармасының» маманы, дінтанушы А. С. Маратбекова және Орталық ПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Е. Н. Нағымжанмен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: экстремизм, терроризм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Діни наным — сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой — өрісі мен дүниетанымын кеңейту. Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, тәрбиелеу.
#Біртұтас_тәрбие
@obb_qaragandy
@saryarkadaryny.kz
@umckrg
@udr_krg