Мектебімізде жылдағы дәстүрмен 11 сынып түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиыны өтті. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпейтін күн. Келген қонақтарымыз өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді сынып жетекшілерімен құрметтеп, қол соғып қарсы алды. Салтанатты жиынымыз мектеп басшысы Манапова А.А. құттықтауымен басталды. Ұстаздар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, сәт сапар тіледі. Мереке соңғы қоңырау соғу рәсімімен аяқталды. « Сәт сапар, жас түлек!»

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от IT (@itlyceumkz)

Leave a Comment