2025 жылдың қаңтар айының 16 күні лицейімізде нашақорлықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті. Орталық ПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Е.Н. Нағымжан оқушылармен кездесіп, есірткі және оның зиянды әсерлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беру. Полиция капитаны оқушыларға есірткі заттарының денсаулыққа, психикаға, әлеуметтік жағдайға және қоғамға тигізетін ауыр зардаптары туралы нақты мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, Ербұлан Нәсіполлаұлы есірткі заттарын заңсыз сақтау мен таратуға қатысты ҚР заңдары мен жазалау шараларын түсіндірді. Бұл оқушыларға заңды бұзбау және есірткіге қатысты құқықтық сауаттылықтарын арттыруға көмектесті.16 января 2025 года в нашем лицее состоялась важная встреча по профилактике наркомании. Капитан полиции УИП ОМПС Центрального ОП Е.Н. Нағымжан встретился с учащимися и провел разъяснительную работу о наркотиках и их вредном воздействии.
Основная цель встречи — информирование о вреде наркотиков. Капитан полиции представил учащимся конкретные данные о тяжёлых последствиях наркотических веществ для здоровья, психики, социального положения и общества в целом. Кроме того, Ербұлан Нәсіполлаұлы объяснил законы РК, касающиеся незаконного хранения и распространения наркотиков, а также меры наказания. Это помогло учащимся повысить правовую грамотность в отношении наркотиков и не нарушать законы.