«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 2022-2023 оқу жылының жұмыс жоспары
Жобаның мақсаты: Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, эстетикалық дүниетанымын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, ақын-жазушылардың өлеңдерін, прозалық, драмалық еңбектерін, оқытып, таныту және үні мен өмір шыңдығын, шығарманың тәрбиелік мәнін, өнерін дарыту, шығармашылық қабілеттерін ашу және өз халқын, тілін, ақын шығармаларын құрметтеуге, рухын қастерлеуге тәрбиелеу. Әдеби тілді сауатты әрі еркін меңгеруге дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның сезімдік мәдениетін дамыту.
Міндеттері:
1.Оқушылардың қазақстандық патриотизмі мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру, талантты балаларды анықтауға жағдай жасау;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетттерін дамыту;
3.Өз елінің жетістіктері мен табыстарын құрметтейтін және бағалайтын, көркем әдебиетті сүйетін оқушылар бейнесін көпшілікке таныту;
4.Дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
№ | іс-шаралар | түрі | мерзімі | жауапты |
---|---|---|---|---|
1 | «Кітапханада қонақта» кітапханаға саяхат | кітапханаға саяхат барысындағы әңгіме | қыркүйек | кітапханашы |
2 | «Буккроссинг» акциясы | акция | қыркүйек | директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
3 | «Сен кітапты қалай оқисың?» | 20 минуттық оқу акциясы | жыл бойы | сынып жетекшілері кітапханашы |
4 | «Оқу мәдениеті» | 20 минуттық кітап оқу сабақтары | жыл бойы | сынып жетекшілері, кітапханашы |
5 | «Қазақ әдебиетінің тарланы» М.Әуезовтің 125 жылдығына | кітап көрмесі | қыркүйек | кітапханашы |
6 | «Көркем сөздің шебері» Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына | жазушы шығармаларына шолу | қараша | кітапханашы |
7 | «Өзің оқы да өзгеге ұсын» | кітап алмасу — буккроссинг | қараша, сәуір | сынып жетекшілері, кітапханашы |
8 | Ә.Нұршайықовтың «Жастарға арналған өсиеті» Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына | білім сайысы | желтоқсан | кітапханашы |
9 | «Кітап – асыл қазына» | көркем безендірілген жаңа әдебиеттер көрмесі | желтоқсан | кітапханашы |
10 | «Ахмет Байтұрсыновтың қанатты сөздері» Ақын, ғалым, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл (1873−1938 | библиоойын | қаңтар | кітапханашы |
11 | «Оқуға міндетті 100 кітап» | кітаптар көрмесі | жыл бойы | кітапханашы |
12 | Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл (1918−2007) | «Жау тылындағы бала» повесін талдау | сәуір | кітапханашы |
13 | «Кітапханаға кітап сыйла!» | акция | сәуір | кітапханашы, сынып жетекшілері |
14 | «Мен жастарға сенемін!» ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл (1893−1938) | поэзия кеші | мамыр | кітапханашы |