Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
«Мектеп парламенті» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде 2022-2023 оқу жылында құрылған «Ақпараттық технологиялар» ММЛИ парламентінің қызметі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Мектеп оқушылары парламентінің қызметі туралы осы ереже мектептің өзін-өзі басқару органының–мектеп парламенттің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
- Мектеп оқушылары парламенті балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектептің өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады.
3.Мектеп оқушылары өзін-өзі басқару органы – мектеп парламенті білім беру ұйымдарының оқушыларының бастамасы бойынша білім алушылардың мүдделерін білдіру үшін тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган ретінде құрылып, осы Ереже негізінде әрекет етеді.
- Әрбір білім алушы осы Ережеге сәйкес Парламент активін сайлауға және оған сайлануға құқылы.
- Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады.
- Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Парламенттің мақсаты мен міндеттері
7.Парламент мақсаты: балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелердібілім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
8.Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде балалар мен жастар туралы қоғамдық пікірқалыптастыруға қатысу;
8) балалар мен жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
- Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
3-тарау. Парламент құрылымы
- Парламент көшбасшысы сайлауда білім алушылар мен білім беру ұйымының педагогтері сайлайтын президент болып табылады.
- Президент пен парламент мүшелері бір оқу жылы мерзіміне сайланады.
- Парламент Президенттен, оның орынбасарларынан, парламент фракцияларының басшылары мен мүшелерінен тұрады. Парламенттің шешімі бойынша оның құрамына білім алушылар арасынан Парламент мүшелері қосымша сайланады. Парламент мүшелерін сайлау сыныптар мен топтардың жиналыстарында жүзеге асырылады.
4-тарау. Парламент қызметі
- Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары парламентке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты.
- 14. Парламент Президенті:
1) Парламент қызметіне басшылық жасайды және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
2) өз орынбасарлары, фракция көшбасшылары арасында міндеттерді бөледі және олардың қызметін үйлестіреді;
3) өз міндеттерін орындау кезінде білім беру ұйымының басшылығы берген құқықтарды пайдаланады.
- Парламент білім беру ұйымы Парламентінің қызметі туралы Ережені басшылыққа бекітуге ұсынады.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
Құқық және тәртіп фракциясы
Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі)
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы
Өзін-өзітану және бақыт фракциясы (психология)
Қамқорлық фракциясы (еріктілік)
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық)
Дебат қозғалысының фракциясы
Экология және еңбек фракциясы
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
- Парламенттің қызметін жоспарлау білім беру ұйымының жұмыс жоспарынегізінде жүзеге асырылады.
- Парламент Президенті білім беру ұйымының барлық алқалы органдарының жұмысына қатысады.
- Парламент мемлекеттік жәнеү кіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады.
- Парламент білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді тиімд іорындау мақсатында педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл жасайды.
5-тарау. Парламент құқықтары мен міндеттері
21.Парламент құқылы:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының мүдделерін қозғайтын ережелерді, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысуға;
2) білім алушылардың мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге, оның ішінде білім беру ұйымының қаражатын, дотацияларды және мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына, демалуға және емделуге бөлінетін қаражатты бөлуге қатысуға;
3) білім алушылардың білім беру ұйымының оқу тәртібі мен ішкі тәртіп қағидаларын, сондай-ақ отбасылық балалар үйінде тәрбиеленетін мектеп оқушыларына қатысты бұзушылыққа байланысты мәселелерді қарауға қатысуға;
4)оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін білім алушыларды көтермелеу жүйесін әзірлеугежәне іске асыруға қатысуға;
5) білім беру ұйымы білім алушыларының өтініштері мен шағымдарын қарауға және талқылауға қатысуға;
6) белгіленген тәртіп пен білім беру ұйымының оқушылар парламентінің қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
7) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін наразылықтың заңды нысандарын анықтау және пайдалану;
8) білім беру ұйымдарының оқудан тыс іс-шараларын жоспарлауға, дайындауға, жүргізуге және талдауға тікелей қатысуға;
9) білім беру ұйымдарында құрылатын клубтардың жұмысына қатысуға құқылы.
22.Парламент міндетті:
1) білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талапшылдығын арттыруға, білім беру ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға тәрбиелеуге, оқу корпустарында оқутәртібі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға, білім алушылардың азаматтық сана-сезімін арттыруға, борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүргізуге;
2) білім беру ұйымдарының Жарғысын және ішкі тәртіп қағидаларын орындау бойынша білім алушылармен жұмыс жүргізуге;
3) оқудан тыс қызметті ұйымдастыру мәселелерінде білім беру ұйымының басшылығына көмектесуге;
4) Парламентке түсетін білім алушылардың барлық өтініштері мен арыздарын белгіленген тәртіппен уақтылы қарауға;
5) Парламенттің оқу жылына арналған ережесі мен қызмет жоспарына сәйкесжұмыс жүргізуге;
6) білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдауға;
7) қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауға, сондай-ақ білім алушылардың оқуы мен демалуы үшін жағдайлар жасауға көмек көрсетуге;
8) білім беру ұйымы, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар басшылығының алдында білім алушылардың мүдделерін білдіруге және қорғауға құқылы;
9) білім беру ұйымының басшылығын өз қызметі туралы хабардар етуге міндетті.
6-тарау. Парламент қызметін қамтамасыз ету
- Білім беру ұйымының басшылығы Парламент қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды, бөлмелерді (кабинеттерді), байланыс құралдарын, ұйымдастыру техникасын және басқа да қажетті материалдарды өтеусіз пайдалануға береді.