2023-24 оқу жылында «Ауыл-қала» жобасының аясында «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты Осакаров ауданының  № 8 мектеппен бірлесіп жұмыс жасалуда.

  1. Орыс тілі мұғалімі Кауров С.С. «Национальный корпус русского языка как средство развития функциональной грамотности школьников» атты мұғалімдерге өткізілген шеберлік сағатта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тағы бір жолы көрсетілді.
  2. Талгатова А. «Python-да алгоритмдермен жұмыс» 7 сынып оқушыларымен программалау тілімен практикалық жұмыс жасады.
  3.  Информатика пәнінің мұғалімі  Смагулова Ж.М. 9 сынып оқушыларына «Excel-де деректерді сұрыптау» тақырыбында деректерді сұрыптаудың бірнеше тәсілдерімен практикалық сабақ өткізді.
  4. Информатика пәнінің мұғалімі Нұрмағанбет С.А. мектептің орта сынып оқушыларына «Лидер 21 века» жарысын ұйымдастырды.
  5. Тарих пәнінің мұғалімі Сембеков А.Н. екі мектеп оқушылары арасында «Кәзіргі жастарға патриотизм тән бе?» тақырыбында дебат өткізді.
  6. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Отемисова А.К. «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында №8 мектеп мұғалімдеріне шеберлік сағатын өткізді.
  7.  «Математикалық сауаттылық» қосымша сабақты Өкеш А.А.  өткізді.
  8. «Зейін» жобасы аясындағы тәжірибе алмасу мақсатында Асанова С.Б. мектеп мұғалімдеріне  «Оқыту өзге тілдегі сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті сабағында эссе жаздырту туралы кеңестер» атты тақырыпта шеберлік сабақта тәжірибесімен бөлісті.
  9. Айдарбеков А.К. 9 сыныптарға математикадан «Тригонометриялық формулар» тақырыбында практикалық сабақ өткізді
  10. Есиркепова А.Т «Мектептегі жобалық жұмыс» тақырыбында мұғалімдерге мастер-класс өткізді, онда оқушыларды жобалармен жұмыс істеуге тарту тәжірибесімен бөлісті.

Leave a Comment