Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде шахмат олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 5-11 сыныптардан барлығы 43 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар ұл балалары арасында І орынды 6 «А» сынып оқушысы Иманлі Абдурахман, ІІ орынды 5 «В» сынып оқушысы Мырзагулов Темирлан, ІІІ орынды 5 «А» сынып оқушысы Қойлыбаев Жанәділ, қыз балалар арасында І орынды 5 «А» сынып оқушысы «Теміржан Набира, ІІ орынды 5 «А» сынып оқушысы Әбікен Әйгерім иеленді. 7-11 сынып оқушылар арасында ұл балалар ішінде І орынды 7 «А» сынып оқушысы Бибол Алихан, ІІ орынды 8 «В» сынып оқушысы Антонюк Егор, ІІІ орынды 8 «В» сынып оқушысы Құрмантай Асанали, қыз балалар ішінде І орынды 7 «В» сынып оқушысы Есембаева Айғаным және ІІ орынды 8 «В» сынып оқушысы Кызбикинова Асия иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!

Leave a Comment