Оқушылардың адамгершілік мәдениетін көтеру, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін тәрбиелеу, еңбек етуге үйретуэкологиялық тәрбие беру мақсатында мектебімізде Күзгі бал кеші өтті. Іс-шараға 6-10 сынып оқушылары қатысты. Бал «Таныстыру», «Жұптың өнері» «Сынып атынан қолдау», «Күз сыйы», «Күзгі сән үлгісі» сияқты кезеңдерден тұрды. Байқау қорытындысы бойынша «Ең сәнді жұп» номинациясы бойынша 6 «А» сынып оқушылары Сакенов Даниал мен Аужанова Айзере, «Ең сүйкімді жұп» номинациясы бойынша 6 «В» сынып оқушылары Диновский Артем мен Орманалиева Дария, «Ең харизмалық жұп» номинациясы бойынша 7 «В» сынып оқушылары Кауров Вадим мен Коккозова Жамиля, «Ең креативті жұп» номинациясы бойынша 7 «В» сынып оқушылары Шушаев Ануар мен Ахметжан Адина, «Ең үздік қолдау көрсеткен сынып» номинациясы бойынша 8 «А» сыныбы және Абай Нұрбақ пен Олжашова Айша, «Ең креативті бұйым» номинациясы бойынша 8 «В» сынып оқушылары Мырзахмет Али мен Кызбикинова Асия марапатталды. Күзгі балдың Ханзадасы мен Ханшайымы ретінде барлық байқаулардың қорытындылары бойынша ең көп ұпай жинаған 10 «А» сыныбының оқушылары Орынбеков Әділ мен Абдуова Ақбота жеңіске жетті. Жеңіспен құттықтаймыз!

2 Thoughts to “Осенний бал”

  1. асия

    вау.шик.просто бомба1!

Leave a Comment